386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

  • 444
  • UPD: 12:08, 06.08.2019
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі dobanev.blogspot.com

Синоптиктер 1-3 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.

«Жақын күндері республиканың ауа райына орталығы Екатеринбургте орналасқан циклон өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр, солтүстік-батыста – кей жерлерде күшті жаңбыр жауады, күндізгі температура 15...25°С дейін төмендейді. Кей жерлерде найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігінде ғана ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, негізгі температуралық фон 32...40°С шамасында болады», - делінген хабарлмада.

Хабар 24 телеарнасы