386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көп балалы отбасынан шыққан түлектер қосымша конкурспен білім грантын алады

  • 913
  • UPD: 18:55, 01.08.2019
Көп балалы отбасынан шыққан түлектер қосымша конкурспен білім грантын алады

Көп балалы отбасылардың балалары қосымша конкурс аясында білім грантын ала алады.

Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша қосымша 5 мың грант бөлінді. Ол гранттар жергілікті атқарушы органдармен 5-10 тамыз аралығында беріледі. Жалпы республикалық конкурс бойынша грантты иеленбегендер қосымша конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. Олар 53 785 гранттың ішіне кірмейді», - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінетінін айтты.

«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінетін болады. Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, көре жатармыз» деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпбалалы отбасы балаларына арналған 5 мың грант қалай берілетінін айтқан еді.

Хабар 24 телеарнасы