386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы үш күнде 42 градусқа дейін ыстық болады

  • 239
  • UPD: 12:06, 06.08.2019
Елімізде алдағы үш күнде 42 градусқа дейін ыстық болады chayka.lv

Синоптиктер 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ағын бөліктердің өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, найзағайлы жаңбыр, күшті жел, дауыл соғуы ықтимал, бұршақ жаууы да мүмкін.

«Еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында күн райы ашық және 35…42°С дейін қатты ыстық болады. 6 тамызда Иран аймағынан келетін жылы ауа массалары салдарынан батыс және солтүстік батыс өңірлерден басқа жерлерде, еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, сонан соң Мурманск аймағынан салқын ауа массаларының ағынымен еліміздің солтүстік батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасының күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, кей жерлерде 30 градус жылы болады», делінген болжамда.

 

Хабар 24 телеарнасы