386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana жүк алып жүру ережесіне өзгеріс енгізді

  • 263
Air Astana жүк алып жүру ережесіне өзгеріс енгізді

Air Astana әуе компаниясының барлық рейсінде 2019 жылдың 21 тамызынан бастап саяхаттау кезеңіне 2019 жылдың 7 тамызынан бастап билет сатып алған кезде жаңадан жолжүк саясаты қолданылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жолжүк тасымалдаудың тегін нормалары барлық бағыт бойынша таразылық жүйеден даналық жүйеге өзгертіледі.

Жүктің тегін нормасын алып жүру Piece concept халықаралық жүйесі бойынша оның алатын орны санынан есептелетін болады. Бұрын Weight concept жүйесі бойынша алып жүретін жүктің салмағын есептеу қолданылатын. Бұл тәжірибе Қазақстанға/Қазақстаннан ұшатын рейстерді орындайтын халықаралық тасымалдаушылармен кеңінен қолданылады. Piece concept қолданатын компаниялар арасында Lufthansa, Asiana, Southern China Airways, S7, Aeroflot және басқалар бар.

Таңдалған тарифтік топқа байланысты 2019 жылдың 7 тамызынан бастап жолаушылар өздерімен бірге бір немесе екі сөмке ала алады. Бір сөмкенің жоғары салмағы эконом-класта – 23 кг, ал бизнес-класта – 32 кг. Ал қосымша жүкке 30% жеңілдік ұшуға кем дегенде 24 сағат қалғанда қарастырылады.

«Халықаралық бағыттардағы жаңа тариф кестесі барынша демократиялық болып есептеледі. Себебі жолаушыға тарифті өз бетінше таңдауына мүмкіндік береді. Мысалға, тек қана қол жүгімен саяхат жасайтын жолаушылар жүк үшін артық шығындалмай, билетті арзанырақ алады немесе салмақ ауырлығын төлемей, жүк үшін қосымша орын сатып алады. 9 кг дейінгі артық жүк үшін (бір сөмкенің жалпы салмағы 32 килограммнан аспайды) нормативтен жоғары салмақтың бірыңғай тарифі қолданылады», – делінген хабарламада.

Бір айта кетерлігі, жаңа қағидалар қол жүгіне қарастырылмаған. Тегін қол жүгінің салмағы бұрынғыдай 8 кг болып қалады. Бұл ретте эконом-класс жолаушылары бір сөмке, ал бизнес-класс жолаушылары екі сөмке алып жүре алады. Қол жүгінен басқа ұшақта жеке қолдану заттарын алып жүруге болады.

2019 жылдың 7 тамызына дейін сатып алынған билеттер бойынша жүкті алып жүру бұрынғысынша қалады.

Хабар 24 телеарнасы