386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрбан айтта арнайы демалыс күні берілмейді

  • 517
Құрбан айтта арнайы демалыс күні берілмейді

Қазақстандықтарға Құрбан айтта демалыс күні берілмейді, деп хабарлайды Елорда ИнфоЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады», – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен бірге ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.

«Биыл ол жексенбі 11 тамызға келеді. Алайда Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормалары қолданылмайды. Яғни егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы