386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік өңірлерде аптап ыстық жаңбырлы ауа райына ауысады

  • 116
  • UPD: 12:55, 12.08.2019
Солтүстік өңірлерде аптап ыстық жаңбырлы ауа райына ауысады

Синоптиктер 13-15 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Мәскеу маңынан келетін циклон және фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуына байланысты жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста және оңтүстік шығыста кей жерлерде қатты нөсер болуы мүмкін, республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында және оңтүстік батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы