386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін қазақстандықтар жұлдыздар жаңбырын көре алады

  • 179
  • UPD: 21:20, 12.08.2019
Бүгін қазақстандықтар жұлдыздар жаңбырын көре алады Gismeteo

Тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні аспан денелерінің ағуы шарықтау шегіне жетеді.

Бұл – жыл сайын қайталанатын құбылыс. Астрономдардың айтуынша, түн жамыла жерге қарай сағатына 150 жұлдызға дейін құлап, артынан аппақ із қалдырады. «Бірақ биыл көктегі көрініс анық аңғарылмайды», – дейді мамандар. Өйткені ай толық. Секундына 60 шақырым жылдамдықпен ағатын метеорлар жаңбырын қала сыртында тастай қараңғыда тамашалаған жөн дейді ғалымдар.

Андрей Солодовник, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:

– Бұл жолы ай 94 процентке толады. Яғни түн жарық болады. Жұлдыздар кешкі 10 мен 11 аралығында жаппай ағады. Оның ішінде анық көрінетін аспан денелері де бар. Бұл – қайталанбас құбылыс.

Хабар 24 телеарнасы