387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мұғалімдерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

  • 408
Елордада мұғалімдерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді vechastana.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім саласындағы қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«2019 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан «Жастар» сарайы ғимаратында білім беру саласының қызметкерлері үшін жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді», – делінген хабарламада.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады.

Оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілер алдын ала әңгімелесуден өтіп, жұмыс берушілерге түйіндеме қалдыра алады.

Хабар 24 телеарнасы