387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда алдағы күндер жаңбырлы болады

  • 210
  • UPD: 13:18, 13.08.2019
Қазақстанда алдағы күндер жаңбырлы болады vecherka74.ru

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

Синоптиктер 13-15 тамызға арналған болжамын жариялады. «Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады.

«Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақтың жаууы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы