388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 583
  • UPD: 17:17, 13.08.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды news.mail.ru

2019 ж. 13 тамыз бен 14 тамыз аралығында Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

2019 ж. 13 тамыз бен 14 тамыз аралығында Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл сақталады.

2019 жылғы 13 тамыз бен 14 тамыз аралығында Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

2019 ж. 13-15 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с.

Нұр-Сұлтан қ: 14-15 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз 15 тамызда бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

2019 ж. 13-14 тамыз аралығында Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы