387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тіркелмеген жеңілдігі бар көлік карталары қолдануға жарамсыз етіледі

  • 278
  • UPD: 17:44, 13.08.2019
Елордада тіркелмеген жеңілдігі бар көлік карталары қолдануға жарамсыз етіледі

Елордада барлық жеңілдігі бар көлік карталарына Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының базасымен салыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды.

«13-16 тамыз күндері барлық жеңілдігі бар көлік карталарына мониторинг және Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының (ӘТВЕО) базасымен салыстыру жұмыстары жүргізіледі» делінген хабарламада.

Осыған байланысты ӘТВЕО базасында тіркелмеген карталар бұғатталады. Өткен айда тексеру кезінде ӘТВЕО тізімінде жоқ 2277 жеңілдігі бар карта анықталған болатын. Жеңілдік туралы мәліметті «109» қызметіне қоңырау шалып біле аласыз.

Елорда Инфо

Хабар 24 телеарнасы