386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 189
  • UPD: 16:08, 16.08.2019
Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр? akspic.ru

Қазгидромет 17-19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, шығыс бөлікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігіне Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайды.

Хабар 24 телеарнасы