385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 260
  • UPD: 15:51, 19.08.2019
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

20 тамыз күні күндіз және 21 тамызда Атырау облысында қатты ыстық болады. Ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. 20 тамыз күні күндіз және 21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде жекелеген аумақтарға тұман түсуі мүмкін. 20 тамыз күні солтүстіктен, солтүстік-батыстан секундына 15-20 м жел соғады. 21 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 м болады. 20 тамыз күні күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы