387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 288
  • UPD: 16:24, 20.08.2019
Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды inforesist.org

Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай, Маңғыстау облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

21 тамыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. 15-20 м/с-пен оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні солтүстік-шығысқа ауысатыны күтіледі. Өңірдің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

21 тамыз күні Қостанай қаласында найзағай ойнап, оңтүстік батыстан соққан жел солтүстік шығысқа ығысады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ, 21 тамыз күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы