387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

  • 331
  • UPD: 13:05, 23.08.2019
Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы tumix.ru

«Қазгидромет» РМК 24-26 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға атмосфералық фронттармен циклон жылжып келеді. Оның әсерінен елдің батыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы бұған дейінгі 35…40°С-тан кейін 20…30°С-қа төмендейді. Сонымен қатар республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аудандарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшеюі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік-батысының жекелеген аумақтарында өткінші жаңбыр, найзағай болжанады. Республиканың өзге аймақтарында демалыс күндері жауын-шашын күтілмейді. Ал орталық пен шығыста ауа температурасы күндіз 25…35°С-қа дейін көтерілуі ықтимал. 

Хабар 24 телеарнасы