Қазгидромет жариялаған мәліметке сәйкес, ертең еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, дауыл тұрады.
28 тамызда Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде. Облыс орталығында 28 тамызда күндіз найзағай жарқылайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
28 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Орал қаласында күндіз найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
28 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы, күші 15-20 м/с күтіледі.
28 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с болады деп күтілуде.