389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана тұрғындары мен қонақтарын сол жағалау бойынша әлеуметтік экскурсия күтеді

  • 344
Астана тұрғындары мен қонақтарын сол жағалау бойынша әлеуметтік экскурсия күтеді

Конституция және Білім күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары Red Bus екі қабатты экскурсиялық автобустарында басты көрікті орындардың қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл өтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы). 

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:

+7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

Автобустардың қозғалыс кестесі:

30 тамыз:

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10:00 (орыс тілінде);

- сағ. 12:30 (қазақ тілінде);

- сағ. 14:45 (орыс тілінде);

- сағ. 17:15 (қазақ тілінде);  

- сағ. 19:30 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық музей, «Астана Бәйтерек» монументі және «AiLand» (океанариум) көңіл көтеру орталығы.

«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.30 (қазақ тілінде);

- сағ. 13.00 (орыс тілінде);

- сағ. 15.15 (қазақ тілінде);

- сағ. 17.45 (орыс тілінде);

- сағ. 20.00 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «AiLand» (океанариум) көңіл көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

Хабар 24 телеарнасы