386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

  • 295
  • UPD: 17:58, 28.08.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады vgorode.ua

28-29 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 29 тамызда күндіз оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

28-30 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 29-30 тамызда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

29 тамызда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні – 15-20 м/с, күндіз күші – 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 күтіледі.

30 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 29, тәулік бойы 30 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз 29 тамызда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 30 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

28-29 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: күндіз 29 тамызда найзағай, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

28-29 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: күндіз 29 тамызда шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

29-31 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

29-30 тамызда оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, 31 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: күндіз 29, тәулік бойы 30 тамызда найзағай күтіледі.

Күндіз 30-31 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

28-29 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Орал қ.: 29 тамызда солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

28-29 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 29 тамызда күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз – 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы

28-29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Атырау облысы

29 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде–  15-20, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Атырау қ.: күндіз 29 тамызда шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы