387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл таңдау барысында нені ескеркен жөн?

  • 304
  • UPD: 14:51, 31.08.2019

Білім күні ұстаздарға берілетін гүл шоғы сый-құрметтің белгісі саналады.

Қазір қандай гүл шоқтарын сыйға тарту сәнге айналған? 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл таңдау барысында нені ескеркен жөн? Мереке қарсаңында осы сауалдың жауабын «Хабар 24» тілшісі іздестіріп көрді.

Гүл сыйлау – қай кезеңде де өзектілігін жоймаған классика. Сондықтан 1 қыркүйекте дұрыс таңдалған гүл шоғы мұғалімге деген қошеметпен қатар мерекелік көңіл-күй сыйлайтын сыйлық.

Динара Майдекина, ата-ана:

Бұл мұғалімге деген сый-құрмет. Оған қоса, 1-сыныпқа барғалы жатырмыз. Менің ойымша, әйел адамға сыйлыққа гүл алған сөзсіз ұнайды.

Сондықтан флористердің білім мерекесіне дайындығы оқушылар мен мұғалімдерден кем түспейді. Соңғы кездері атрибутикалық заттарға деген қызушылық артып келеді. Әсіресе, арнайы жазбалары бар крафт қағазы мен мектепке қажетті оқу құралдары сұранысқа ие.

Татьяна Блум, сатушы:

Білім күніне арнайы әзірленген гүл шоқтары ашық түстерімен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ал біздің өзгелерден басты айырмашылығымыз - гүл шоқтарында оқу құралдары мен мектеп тақырыбындағы заттарды қолданамыз. Бұл өте ыңғайлы әрі әсері де керемет болады.

Флорист мамандардың айтуынша, бүгінде халық арасында ерекше безендірілген гүл шоқтарын сыйлау сәнге айналды. «Бұл табыс етуші адамның ықылас-ниеті мен айрықша құрметін көрсетеді», - дейді гүл сатушылар.

Лидия Цитовицкая, сатушы:

- Гүл шоқтарында герберлер өте әдемі көрінеді. Олардың үлкендігіне және әртүрлі түстеріне қарай таңдауға болады.Соңғы уақыттағы тағы бір жаңалық – 1 қыркүйекке бөлме өсімдіктерін сыйға тарту. Олар тек қыркүйектің басында ғана емес, бірнеше жыл бойы сән беріп тұрады. Бөлме өсімдіктерін мереке қарсаңына әртүрлі етіп сәндеуге болады.

Сонымен қатар, флорист мамандар гүлді ұстаздың жасына әрі беретін пәніне орайластырып тарту еткен орынды деп санайды.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы