387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент жарлығы: кімдердің қарыздары кешіріледі

  • 292
Президент жарлығы: кімдердің қарыздары кешіріледі Түркістан

Мемлекет бір реттік акция бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтардың 300 мың теңгеге дейін негізгі борышы және ол бойынша есептелген өтемақыны төлейді.

Қарыздары азайтылатын азаматтар қатарына көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар мен бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтар, асыраушысынан айырылған отбасылар, жетім балалар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар жатады.

Азаматтардың жалпы қарызы ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалардың, 23 жасқа дейінгі студенттердің тізімін ұсынды. ҚР Әділет министрлігі «Азаматтық хал актілерінің жазбалары» ақпараттық жүйесінде ерлі-зайыптылар немесе ата-аналар бойынша өзекті азаматтық хал актілері, яғни неке және туу туралы куәлік актілері бойынша мәліметтерді тексеруді жүзеге асырды. Нәтижесінде жарлықтың күшіне сәйкес азаматтардың тізімі және олардың отбасы мүшелерінің тізімі қалыптастырылды», – деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ОКҚ баспасөз мәслихатында.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, қарыздарын азайту үшін азаматтардың өтініш беру мерзімі тоқтатылмайды. Тек қарыздары биылғы жылдың 1 маусымына дейін алынған болуы керек.

Авторы: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы