388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

  • 437
12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Метеопрог

Алдағы тәулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын антициклонның әсерінен Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды, ал республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз 1…3°С үсік күтіледі.

Бірақ 13 қыркүйекте Батыс Сібірден кезекті арктикалық фронт Қазақстанның солтүстік аймақтарына, содан соң орталық және шығыс аймақтарына өз әсерін тигізеді, деп жазады kazhydromet.kz.

Мұнда да қайтадан жаңбыр басталып, нормадан төмен ауа температурасы сақталады. Қалған аймақтарда жауын-шашынсыз, ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болып келеді.

Хабар 24 телеарнасы