385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің жаңа жүйесі пайда болды

  • 207
  • UPD: 17:00, 11.09.2019
Елордалықтар үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің жаңа жүйесі пайда болды elorda.info

Ендігі уақытта астаналықтардың бірыңғай жиынтық төлемді үйден шықпай төлеу мүмкіндігі туды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Енді Smart Astana мобильдік қолданбасы арқылы бірыңғай жиынтық төлем жасауға болады. Бар болғаны мобильдік қолданбаны көшіріп алып, «менің төлемдерім» бөліміне кіріп, «бірыңғай жиынтық төлем» деген батырманы таңдасаңыз және де ЖСН-іңізді енгізсеңіз болғаны», – деп жазды «Астана Innovations» компаниясының баспасөз-хатшысы Әсел Әлімханова өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада мобильді қосымша арқылы басқа да 70-тен астам сервистер мен қызметтер бары айтылған.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу, оны үйге шақырту, өзіңнің салықтық мәртебеңді білу, еңбекке жарамсыздық парағының «шынайылығын» тексеру, коммуналдық қызметтерге төлем жасау, жедел саты картасын толықтыру және басқа көптеген қызметтер. Жуырда қайырымдылық ұйымдарының краудфандингтік платформасы іске қосылды. Енді әрбір адам қайырымдылық жобасына ақшаны жылдам әрі қауіпсіз аудара алады. Барлық қызметтер өте әділ жүргізіледі. Сонымен қатар бірер күн бұрын Нұр-Сұлтанда қалалық даму акселераторы іске қосылған болатын. Жобаның өзі 100 күнге көзделген. Бағыттардың әрқайсысы бойынша қалалықтар өздерінің ұсыныстарын енгізіп, шешім ұсына алады», – дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы