389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пластикті алмастырушылар қоршаған ортаға пластиктен де қауіпті

  • 326
  • UPD: 23:37, 13.09.2019
Пластикті алмастырушылар қоршаған ортаға пластиктен де қауіпті pravda.ru

Компостталған пластик алмастырушылар теңіздерді ластап, қоршаған ортаға залалын тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Қазақпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Ұлыбритания Қоршаған ортаны қорғау комитетінің есебінше, әлемде пластик проблемасының орын алғанына біраз уақыт болды. Жылына миллион тоннаға жуық пластик теңіз суына түсіп, қоршаған ортаға зиянын тигізеді.

Сондықтан көптеген кәсіпорындар мен тұтынушылар пластикті қолданудан бас тартып, орнына биоыдыратқыштар мен компостталған орамдарды қолдануға көшкен.

Бірақ комитет берген есеп бойынша бұл аталған орамдар пластиктен де қауіпті болуы мүмкін. Green Alliance экологиялық тобы жүргізген зерттеу бойынша, адамдар биоыдыратқыш материалдарды зиянсыз деп санап, өте көп мөлшерде қолданып жүр, қоқыстардың саны одан сайын көбейген.

Есепте көрсетілген мәлімет бойынша, тұтынушылар копмостталған пластик алмастырғыштарды қалай қолдануды үйренбеген, сондықтан бұл рециркуляцияға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ол көбейген сайын көмірқышқыл газының ауаға бөлініп шығуы да арта береді.

Сондықтан агенттіктің белсендісі Джульетта Филлипс «мысалы, биоыдырағыштан жасалған ыдыс теңізге тасталса, оның пластик ыдыстан зияны аз емес» деді.

«Өзен-теңіздеріміздің пластик қоқыстардан зардап шегіп отырғаны белгілі. Алайда, оларды басқа материалдармен алмастыру мәселенің шешімі емес», - деді депутат Нил Пэриш.

Хабар 24 телеарнасы