389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

  • 335
  • UPD: 16:30, 16.09.2019
17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы vesti-ua

Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен  республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25…30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбырдың күтілуіне қарамастан, мұнда жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20…28°С дейін жоғарылайды.

Тек батыс облыстарда Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуін туғызады.

Ақпарат kazhydromet.kz сайтынан алынды 

Хабар 24 телеарнасы