389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • 241
Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды tengrinews.kz

18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20, тіпті 25 м/с жетуі ықтимал. Петропавл қаласында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні 23 м/с болатын жел соғады. Қатты жел қала тұрғындарын да әбірге салуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында да ертең кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Ақмола облысында да жағдай осыған ұқсас. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні қатты. 15-20 м/с көрсетуі ықтимал. Көкшетау қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан екпіні 15 м/с болатын қатты жел соғады.

 

Хабар 24 телеарнасы