389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды

  • 380
  • UPD: 13:05, 18.09.2019
Қазақстанда ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды Канал 24

Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуының жалғасуымен Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарында температураның әрі қарай жоғарылауы күтіледі.

Мұнда алдағы үш тәулікте жаздағыдай жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, күндізгі ауа температурасы +23…30°С, оңтүстікте +30…35°С дейін жоғарылайды. Республиканың батыс және солтүстік облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ болуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы