389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да күшті жел соғып, бұршақ жауады

  • 244
  • UPD: 16:29, 18.09.2019
СҚО-да күшті жел соғып, бұршақ жауады

Еліміздің солтүстігіндегі бірқатар өңірде жел күшейіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал.

19 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с болуы мүмкін, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.

19 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан қатты болуы ықтимал. 19-20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, бұршақ күтіледі.

19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. 19-20 қыркүйекте Петропавл қаласында найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с, 19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы