389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

  • 425
  • UPD: 16:04, 24.09.2019
Еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түнде 25-26 қыркүйекте облыстың кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүріп, тұман түсуі ықтимал.

25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жететін жел соғады деп болжануда.

26 қыркүйекте күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында 25-26 қыркүйекте түнде ауа райы 1-3 градус төмендеп, жер қатады. 25-26 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан күші 15-20 м/с болатын екпінді жел тұрады.

Хабар 24 телеарнасы