388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әрбір қазақстандық баруы тиіс таңғажайып жерлер

  • 777
  • UPD: 14:02, 24.10.2019
Елімізде әрбір қазақстандық баруы тиіс таңғажайып жерлер baq.kz

Қазіргі уақытта Париждегі романтикалық саяхат, Непал тауларындағы қызықтар, Жерорта теңізіндегі демалыс және Миландағы шопинг туралы әңгімелермен ешкімді таң қалдыра алмайсыз.

Қазақстанның әдемі жерлерінде демалып, олар туралы егжей-тегжейлі айтып отырсақ қандай жақсы?!

Әрбір қазақстандық баруы тиіс еліміздегі таңғажайып жерлер туралы ақпарат ұсынамыз.

Алматы

Оңтүстік астананың қызықты және әдемі жерлерінің бірі – патшалық дәуірден қалған бірнеше ескерткіштерінің бірі Зенковский соборының айналасында орналасқан Панфилов паркі. Оның бірегейлігі – шегені қолданбай ағаштан жасалуы.

Іле Алатауы 

Күнгей Алатаудың керемет тау шыңдары  ̶  Қазақстандағы ең әдемі жерлердің бірі. Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі жолда батыстан шығысқа қарай екі жота созылып жатады. Қазақстанға келген туристерді және таулы экстримді ұнататындарды таулы мұздықтар, әдемі тау өзендері, көшпелі шопандар қой жайып жүретін әсем аңғарлар қызықтырады.

Хан-Тәңірі шыңы

Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі ең әдемі тау шыңы. Күн сәулесі шыққанда және күн бату кезінде бүкіл таумен бірге қызыл түске боялатын шыңның ерекше формасы танымал болып кеткен. Ежелгі заманнан бері адамдар бұл таңғажайып әрі әдемі жерді аңыздармен байланыстырып келеді.

Көлсай көлі

Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған жасыл түсті көл. Қоршап тұрған таулардан бұғы, тау ешкілерін, тіпті аюларды кездестіруге болады.

Балқаш көлі

Бұл көл –  Қазақстандағы ерекше табиғи орын. Оның ауданы өте таяз тереңдіктің өзінде үлкен, көлдің шығыс жартысын тұзды су, ал батыс бөлігі салыстырмалы түрде тұщы су құрайды. Сондықтан көлдің әртүрлі бөліктеріндегі су асты әлемі мен оны мекендеушілер бір-бірінен ерекшеленеді.

Қайыңды көлі

Қайыңды көлі – Қазақстандағы ең әдемі жерлердің бірі. Ол Күнгей Алатау шатқалында орналасқан және 1910 жылы жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан.

Ахмет Ясауи кесенесі 

Ахмет Ясауи кесенесі – Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін өзіне арнап салынған кішкене мазарға жерленген. Құрылыс сарайлар мен ғибадатханалар кешенінен тұрады, оның ішінде кесенеден бөлек ортағасырлық монша да бар.

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы – Қазақстандағы ең көне және әдемі жерлердің бірі. Каньонды құрайтын тау жыныстары 12 миллион жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Жел мен судың әсерінен пайда болған ашық қызыл түсті құмтастар өзінің керемет сұлулығымен және әсемдігімен таңқалдырады.

Қатон-Қарағай

Қатон-Қарағай – Шығыс Қазақстан облысындағы ұлттық саябақ пен қорығы бар ерекше орын. Қорықта аю, марал және басқа да сирек кездесетін жабайы аңдардың түрлері кездеседі.

Байқоңыр

Байқоңыр – әйгілі ғарыш айлағы. Космодромның тарих мұражайы, Халықаралық ғарыш мектебі, космонавттар аллеясы мен «Космонавт» қонақ үйі туристер үшін ең танымал орындар болып табылады. Нағыз зымыранның ұшырылғанын тек осы қаладан көре аласыз. Байқоңырдағы барлық көшеде ғалымдарға, ғарышкерлерге, жазушылар мен ақындардың құрметіне ескерткіш орнатылған.

Бекет ата мешіті

Бекет ата мешіті – бұл орын қазақстандықтар үшін қасиетті орындардың бірі. Жыл сайын бұл жерге күніне мыңдаған адамнан тоқтаусыз келеді.

Бурабай

Бурабай Қазақстандағы табиғатымен, таза ауасымен ерекшеленетін ең танымал демалыс орны болып саналады. Туристерді жазда көл жағасындағы тамаша демалыс, қыста таза ауадағы спорттық ойындар күтеді. Бұл жердің басты ерекшелігі – Жұмбақтас. Бір қырынан қарағанда мысырлық сфинксті, екінші қырынан қарағанда қарт әжені, ал үшінші жағынан қарағанда сұлу қызды елестетеді.

Өлі көл

Бұл – ең жұмбақ жерлердің бірі. Алматы облысындағы Герасимовка ауылы аумағында «Өлі көл» деп аталатын кіші көл бар. Жыл сайын «Өлі көлге» адамдардың батып кетуі өкінішті. Жергілікті тұрғындар көлге түспеуге тырысады және туристерге де солай кеңес береді. Белгісіз себептермен ыстық жаздың ортасында да су мұзды болып қалады. Мұнда балдырлар өспейді, балықтар мен су жәндіктер мүлдем тіршілік етпейді. Тіпті көл жағасынан масалар мен шыбындар да кездеспейді.

«Жердің кіндігі» үңгіртасы

Әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар Жер мен Ғарыштан қуат алуға келетін керемет энергетикалық орын. Алматыдан 100 шақырым жерде орналасқан Үңгіртас ауылында диаметрі шамамен 8 метр болатын үңгірде жер бетінен энергия ағымының шығатыны анықталды. Ол адамның энергетикалық қуат алуына әсер етеді.

Ал саяхатқа шыққанда жүк сөмкесін жоғалтып алмас үшін не істеу керектігі жайлы мақалаға назар аударыңыз.

Хабар 24 телеарнасы