389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» - «Партизан» ойынының билеттері сатылымға шықты

  • 386
  • UPD: 23:59, 24.09.2019
«Астана» - «Партизан» ойынының билеттері сатылымға шықты

3 қазан күні «Астана Арена» стадионында өтетін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясындағы «Астана» - «Партизан» матчына билеттердің онлайн сатылымы басталды, деп хабарлайды елодалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған Prosports.kz. 

Билет құны стадиондағы секторларға байланысты бірнеше санатқа бөлінген.

Сонымен 1-санаттағы билет құны 12 000 (он екі мың) теңге, 2-санаттағы билет 7 000 (жеті мың) теңге, 3-санаттағы билет 4 000 (төрт мың) теңге, 4-санаттағы билет 3 000 (үш мың) теңге, 5-санаттағы билет 2 000 (екі мың) теңге және 6-шы санаттағы билет 1 500 (бір мың бес жүз) теңге аралығында.

Хабар 24 телеарнасы