389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрмыста тұтынып жүрген кейбір тағамдардың дәрі ретінде пайда болғанын білесіз бе?

  • 205
  • UPD: 14:15, 25.09.2019
Тұрмыста тұтынып жүрген кейбір тағамдардың дәрі ретінде пайда болғанын білесіз бе? apteka.ru

Ең алғашқы фармацевтер ойлап тапқан кейбір дәрілерді күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрміз.

Мысалы, қазіргі уақытта әлемге танымал «Coca-Cola» сусынын 1886 жылы тек дәріханадан сатып алуға болатын. Оны Джон Стит Пембертон ойлап тапты. Ол газдалған сусынды жүйке аурулары, импотенция, асқазан аурулары мен мигреннің емі ретінде қолданды. Алайда 1903 жылы өндірушілердің басы үлкен дауға қалды. Оларды бұл сусын адамдарды ақылынан адастырып, қоғамдық толқуларға итермелейді деп айыптады. Себебі, құрамындағы кока жапырақтарының шырыны әсер ететін. Кейіннен коко жапырағының шырыны сусынға қосылмайтын болды.

Ал күнделікті қолданып жүрген кетчуптің де тарихы фармацевтикамен байланысты. ХІХ ғасырдың басында кетчуп дәріханаларда таз пен тері ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек ретінде сатылды. Бір жағынан, бұл шынымен де солай еді, өйткені томат тұздығында ликопеннің маңызды пигменті бар. Өңделген қызанақтарда оның деңгейі жоғары болады, сондықтан кетчуп пайдалы деп саналады.

Вазелинді химик Роберт Август Чесборо 1872 жылы жиһаздағы дақтарды кетіретін тазартуға арналған жаңа құрал ретінде ұсынған. Кейін ғалым өнертабысының басқа пайдалы қасиеттерін ашты. 1873 жылы дәріханаларда құрамында осы қоспа бар дәрілер пайда болды.

Қазіргі уақытта фармацевтика саласы белсенді дамып келеді және ғалымдар күннен күнге жаңа дәрілердің түрін ойлап табуда.

2009 жылдан бастап әлем бойынша 25 қыркүйекте халықаралық фармацевтер күні атап өтіледі. Ыстанбұлда өткен конгресте бұл күн ресми түрде белгіленген болатын.

Дайындаған: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы