389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

  • 356
  • UPD: 14:58, 25.09.2019
26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның батысы мен солтүстігінде түнгі үсік тудырған суық антициклон шығысқа ауысты.

Алдағы үш тәулікте республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасының төмендеуі мен үсік күтілуде. Ал Орал аудандарынан кезекті суық фронт ығысуда, онымен республиканың басым облыстарында жауын-шашын, екпінді жел, солтүстік облыстарда жаңбырдың қарға ауысуы күтіледі.

Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С-қа жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындап, ал жексенбі күні барлық өңірлерде нормадан 3…8°С-қа төмен болады.

Хабар 24 телеарнасы