389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық берешегі бар екенін қайдан білуге болады

  • 319
  • UPD: 11:12, 26.09.2019
Салық берешегі бар екенін қайдан білуге болады informburo.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға салықтық берешек сомалары көрсетілген SMS-хабарламалар таратуда.

Жер және мүлік салықтары бойынша ақпаратты «Egov» порталының «Салық және қаржы» бөлімінің «Жеке тұлғалардың алдағы төлемдерін көру және төлеу» қызметінде немесе kgd.gov.kz сайтындағы «Барлық қызметтер» бөліміндегі «Мемлекеттік кірістер органдары есеп жүргізетін алдағы төлемдер мен берешектің бар-жоқ екендігі туралы ақпарат» бөлімінен алуға болады.

Салық екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен немесе Мемлекеттік кірістер комитеті сайтындағы электронды қызметтер арқылы төленеді.

Сонымен қатар сұрақтар мен шағымдар болған жағдайда 1414 нөміріне хабарласуға болады.

Айта кету керек, мемлекеттік кірістер органдарының аймақтық департаменттерінде анықтама беретін мамандардың тізімі мен байланыс нөмірлері Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы