389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылдан бастап қазақстандықтар қандай медициналық қызметтерді тегін алуға құқылы

  • 493
  • UPD: 12:47, 26.09.2019
2020 жылдан бастап қазақстандықтар қандай медициналық қызметтерді тегін алуға құқылы egemen.kz

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер екі пакет шеңберінде ұсынылады.

Яғни, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ҚР азаматтары мен қандастар сақтандыру мәртебесіне қарамастан, жедел көмек, санавиация қызметтерін, негізгі консультациялық-диагностикалық қызметтер мен бастапқы медициналық-санитарлық көмектерді алады. Сонымен қатар динамикалық бақылауды талап ететін артериялық гипертония, қант диабеті сияқты созылмалы аурулар мен туберкулез, онкология, АИТВ-инфекциясы кезінде дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен амбулаторлық қамтамасыз етіледі.

Ал стационарлық емдеуді және динамикалық бақылауды талап ететін созылмалы артериялық гипертония, қант диабеті мен туберкулез, онкология, АИТВ-инфекциясы кезінде күндізгі стационар және үйдегі стационар деңгейінде емдеу қызметтерін ала алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тәртіппен және кезеңділікпен он сегіз жасқа дейінгі балалар және он сегіз жастан асқан адамдар профилактикалық медициналық тексерістен өтеді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық бақылауға жатпайтын аурулары бар адамдарды бейінді мамандар қабылдап, консультация береді. Оның ішінде мына қызметтер көрсетіледі. Диагностикалық қызметтер, қымбат тұратын аспаптық зерттеулер (КТ, МРТ және т.б.) және зертханалық диагностика (ИФТ, ПТР және т.б.) немесе маманның жолдамасы бойынша көрсеткіштер болған жағдайда:

жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану;

бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен рәсімдерді орындау;

стационарды алмастыратын көмек көрсету;

ТМККК тыс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар рецептін жазу;

еңбекке уақытша жарамсыздық үшін сараптама жасау.

Ал жүкті әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» көпбалалы аналарға шұғыл стоматологиялық көмек және жүкті әйелдер мен балаларға жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетіледі.

БМСК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі ұсынылады.

ТМККК кірмейтін аурулардың патологоанатомиялық диагностикасы жасалып, ТМККК-ден тыс дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, қазақстандықтар емделуші құқығы бұзылған жағдайда 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш немесе шағым бере алады.

Хабар 24 телеарнасы