389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның барлық аумағында күн суытады

  • 638
  • UPD: 14:28, 27.09.2019
Қазақстанның барлық аумағында күн суытады

Қазгидромет 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде үсік тудырған суық антициклон шығыс бағытқы жылжып барады. Алдағы үш тәулікте республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасының төмендеуі мен үсік күтіледі. Ал Орал аудандарынан кезекті суық фронт ығысуда, онымен республиканың басым облыстарында жауын-шашын, екпінді жел, солтүстік облыстарында жаңбырдың жылбысқы қарға ауысуы ықтимал.Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С-қа жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындап, ал жексенбі күні барлық өңірлерде нормадан 3…8°С-қа төмен болады.

Хабар 24 телеарнасы