389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МКК салық төлемегендерге 8 АЕК айыппұл салынатынын жоққа шығарды

  • 193
  • UPD: 12:16, 01.10.2019
МКК салық төлемегендерге 8 АЕК айыппұл салынатынын жоққа шығарды информбюро

Бүгін жеке тұлғалар үшін мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі аяқталады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, салықты уақтылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) айыппұл есептелетіні туралы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

ҚР Салық кодексінің 532-бабының 6-тармағына сәйкес, мүлік салығы нысан орналасқан жері бойынша өткен есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі тиіс.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы