Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Microsoft корпорациясы Android-ке арналған жиналмалы смартфонды таныстырды

  • 391
  • UPD: 09:10, 04.10.2019
Microsoft корпорациясы Android-ке арналған жиналмалы смартфонды таныстырды itc.ua

Microsoft корпорациясы әрқайсысының диагоналы 5,6 дюйм болатын екі экраны бар Surface Duo жиналмалы смартфонын таныстырды.

Ашық күйде тұрғанда диагоналі 8,3 дюйм болатын құрылғыны планшеттік компьютер ретінде пайдалануға болады.

Бүктелген кезде смартфон қалтаға сыйып кетеді. Оның екі экраны бір уақытта әртүрлі қосымшалардың жұмысын көрсете алады.

Microsoft корпорациясының айтуынша, смартфон 2020 жылы сатылымға шығады.

Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы