389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook жаңа мессенджер ойлап шығарды

  • 300
  • UPD: 16:47, 04.10.2019
Facebook жаңа мессенджер ойлап шығарды риа.ру

Facebook компаниясы Instagram әлеуметтік желісінің қолданушыларына жедел хабар алмасуға арналған жаңа қосымша ұсынды.

Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды, деп хабарлады tass.ru

Facebook өкілдерінің айтуынша, Threads деп аталатын мессенджер әлеуметтік желідегі ең жақын достар тізіміндегі адамдармен сөйлесуге арналған. Ол мәтіндік хабарламаларды, бейнелерді, фотосуреттерді алмасуға мүмкіндік береді.

Threads арқылы әңгімелесуші адамның қай жерде тұрғаны туралы ақпарат алуға да болады.

Аталған қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді болады.

 

Хабар 24 телеарнасы