389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 201
  • UPD: 16:58, 06.10.2019
Еліміздің екі облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 7 қазан күні оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Найзағай ойнап, тұман түсуі ықтимал. Орал қаласында ертең күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

Сол секілді Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтау қаласында желдің екпіні 18 м/с. Осыған байланысты облыстық ТЖ департаменттері тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы