389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


8-10 қазанға арналған ауа райы болжамы

  • 226
  • UPD: 17:49, 07.10.2019
8-10 қазанға арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймақтарында орташа көпжылдық мәннен 4…9°С-қа жоғары ауа температурасымен аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы байқалды, деп хабарлайды kazhydromet.kz

Бірақ Поволжье де орналасқан суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Оның жылжуынан республикадағы ауа райы өзгере бастайды.

Алдағы тәулікте батыс облыстарында бұлтты ауа райы, кей жерлерде жаңбыр күтіледі және ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыста 9 қыркүйекте, солтүстік және орталықта 10 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін және ауа температурасының  біртіндеп төмендеуі күтіледі. Шығыста әлі де жауын-шашынсыз және бұрыңғыдай жылы. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғарғы жыраның ықпалынан әсіресе таулы және тау бөктері аймақтарында өткінші жаңбыр және найзағай күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы