389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қара теңіз жағалауынан V ғасырға жататын қазына табылды

  • 230
  • UPD: 11:50, 08.10.2019
Қара теңіз жағалауынан V ғасырға жататын қазына табылды aif

Археологтар Қара теңіз жағалауынан V ғасырға жататын қазына тапты. 

Болгариядағы Девня қаласында қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 16 алтын мен 20-дан астам қола тиын табылды.

Алдын-ала ақпараттар бойынша, ең құндылары қазыналардың бірі Феодосия II император бейнеленген алтын монеталар болып отыр.

Варна Христо Кузов өлкетану мұражайының мамандары бұл қазыналар ежелгі Марианополь қаласына ғұндар шабуыл жасаған кезде жасырылған болуы мүмкін екенін айтады.

The Sofia Globе

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы