389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 160
  • UPD: 18:51, 10.10.2019
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды almaty.tv

Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қызылорда, Маңғыстау және Қостанай облыстарында ескерту жариялады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды. 11 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 11 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатың желдің күші 18 м/с дейін күшейеді. 11 қазан күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 11 қазан күндіз Ақтау қаласында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы