389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жер сату бойынша аукцион өтеді

  • 129
  • UPD: 10:56, 11.10.2019
Қарағандыда жер сату бойынша аукцион өтеді ekaraganda.kz

25 қазан күні Қарағанды ​​қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесі жер сату бойынша аукцион өткізеді, деп хабарлады ekaraganda.kz.

Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды тапсыру керек:

1) аукционға қатысуға өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі, заңды тұлғаллар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлітің көшірмесі;

3) кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

4) өкілдікті куәландыратын құжат (сенімхат).

Аукционға қатысуға өтініштер жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды ​​қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, тел: 42-51-36, 8-776-050-76-06.

Өтінімдерді тіркеу 24 қазан сағат 11.00-де дейін аяқталады.

Аукцион арқылы жер сатып алғанда сату-сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірмей белгіленген бағаның 50% мөлшерінде алдын-ала төлем төленеді. Қалған соманы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеу керек.

Аукционның өтетін орны: 25 қазан күні сағат 11:00-де. Қарағанды ​​қаласы, Ленин көшесі, 8-үй, 5-қабат, 95-кеңсе.

Хабар 24 телеарнасы