389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 166
  • UPD: 16:57, 12.10.2019
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 13 қазан күні кей жерлерде тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге артуы мүмкін. Осыған байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ Қызылорда облысында 13 қазанда күні түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік тұрады. Таңертең және күндіз шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы