388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 273
  • UPD: 16:13, 13.10.2019
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі, таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метр, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр күтіледі.

Петропавл қаласында 14 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күші секундына 15-20 метр күтіледі

14 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 14 қазанда оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

14 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метр сақталады.

Хабар 24 телеарнасы