423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райына байланысты Алматы - Өскемен автожолының учаскелері жабылды

  • 661
Ауа райына байланысты Алматы - Өскемен автожолының учаскелері жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Өскемен бағытындағы көлік жолының екі учаскесі жабылды.

«Көктайғақ пен желге байланысты Алматы - Өскемен автожолының екі учаскесі - сағат 19:50-тен бастап 778-967 км (Аягөз қаласы - Қалбатау елді мекені), 20:40-дан – 971-1068 км (Калбатау елді мекені - Касым Кайсенов кенті) жүк көлігі мен қоғамдық көліктің барлық түрі үшін жабылды», - делінген «Қазавтожол» таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы