388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көліктерді қысқа қалай дайындау керек

  • 158
  • UPD: 13:50, 21.10.2019

Елорда сияқты қысы қытымыр қалаларда темір тұлпар тізгіндеу оңай емес.

Ақауларын алдын ала жөндеп, жүріске қолайлы етіп алған жөн. «Әсіресе, қысқы дөңгелектерді бірінші кезекте алмастыру керек», -дейді мамандар. Көлік иелері үшін маңызды кеңестерді «Хабар 24» тілшісі біліп қайтты.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Қыс келсе болды, көлік тізгіндегендер қызмет көрсету орталықтарына ұзын-сонар кезекке тұрады. Бірі қозғалтқыш майын, енді бірі көлік дөңгелектерін алмастыруға асығады. Бір сөзбен, темір тұлпар иелері үшін әбігер басталды дей беріңіз. Алайда, бұл іске ұқыпты қарайтындар көп болмай шықты. Кейбірі тіпті қарапайым ережелерді ескере бермейді.

Ян Костюков, көлік механигі:

Көлік пешін мұқият тексеріп шығуға кеңес беремін. Қыста өте қажетті дүние. Қозғалтқыштан қандай да бір ақау біліне бастаса, арнайы сұйықтықтардың деңгейін қарап шыққан дұрыс. Жалпы көлік диагностикасын ай сайын жүргізіп тұруды ұсынамын. Атап өтерлігі, қысқа арнайы дайындалатын қозғалтқыш майы болмайды. Бірақ әрқайсысының жарамдылық мерзіміне мән беріңіз.

Көліктің қозғалтқыш майымен қоса суыққа қарсы сұйықтықтарын дер кезінде алмастыру қажет. Тежегіш қызметіне де баса мән беріңіз. Арнайы сұйықтығының деңгейі төмендеп немесе сапасы нашарлай бастаса, жол көлік апатына әкеп соғуы мүмкін. Ал көлік дөңгелектері елорда секілді қысы қытымыр әрі жолы жиі көк мұзға айналатын қалаларда міндетті түрде алмастырылуы шарт. Онсыз темір тұлпар тізгіндеу қиынға соғады.

Максим Донских, қызмет көрсету орталығының маманы:

Ауа температурасы төмендей бастады. Сондықтан қыстық дөңгелектерді тезірек алмастырып алған дұрыс. Таңғы және кешкі мезгілдерде қауіпсіз жүресіз. Бізде қыс бойы қар көп болады. Әсіресе, шет аймақтарда. Сондықтан қыстық дөңгелектердің пайдасы арта түседі.

Жолаушы тасымалдайтын автобустардың да қысқа әзірлігін қазірден бастаған жөн. Түптеп келгенде бұл – адам өмірінің қауіпсіздігі. Егер көлікті киім секілді ұқыпты қолданып, әрбір бөлшегінің қызметін мұқият тексеріп тұрсаңыз, қоғамға тигізер пайдаңыздың бірі де сол болмақ.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы