388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

  • 191
  • UPD: 13:06, 23.10.2019
Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды kazhydromet.kz

Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттармен жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Батыс желінің күшеюімен бұрқасынның да болуы мүмкін. Ал тропосферада батыс ағындарымен Атлантикадан жылы және ылғалды ауаның келуімен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтерілуі күтіледі, бұл әдеттегі осы кезең үшін 2...5°С жоғары.

Хабар 24 телеарнасы