426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарашаның алғашқы күндері ауа райы қандай болады

  • 956
Қарашаның алғашқы күндері ауа райы қандай болады baribar.kz

Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдің Еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады, деп хабарлайды kazhydromet.kz.

Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, онымен байланысты суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады.

Циклон және фронттардың шығыс бағытында жылжуына байланысты жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ республиканың қалған өңірлерін де қамтиды.

Климаттық нормадан 3…6°С, республиканың солтүстігінде 8…13°С жоғары болған жылы ауа температурасынан кейін күннің суытуы күтіледі.

Қараша айының басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы