384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола және Маңғыстау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 222
  • UPD: 22:42, 30.10.2019
Ақмола және Маңғыстау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Ақмола мен Маңғыстау облыстарындағы қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

31 қазан -1 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 31 қазанда өңірде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 1 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. 31 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Еске сала кетсек, синоптиктер ертең Қызылорда мен Қостанай облысында жел күшейетіні жөнінде ескертті.

Хабар 24 телеарнасы